Дамудың
негізгі кезеңдері

1999
1999 жылы Алжирге алғашқы экспорт жүзеге асты.
2004
2004 жылы халықаралық нарыққа шығу басталды: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Ливан елдеріне экспорт басталды.
2007
Абди Ибрахим – «Әлемдегінің ең ірі 100 фармацевтикалық компаниясы» тізіміне енген алғашқы түрік компаниясы болды. Сол жылы Алжирде сату және маркетинг құрылымы құрылды.
2008
Әзербайжанда сату және маркетинг командасы құрылды.
2010
2010 жылы Еуропаға алғашқы экспорт Францияға жіберілді. Португалияда Абди Фарма құрылып, алғашқы жеткізілім жасалды. Ирак нарығында өнім сату дистрибьюторлар арқылы басталды. Сол жылы Қазақстандағы Глобал Фарм компаниясының 60%-ы сатып алынып, Абди Ибрахим Глобал Фарм (АИГФ) құрылды. Абди Ибрахим БҰҰ-ның Жаһандық Келісімі бойынша алғашқы есепті жариялады.
2011
Албанияда дистрибьютор арқылы өнім сату басталды.
2013
Абди Фарма компаниясы Абди Ибрахим өнімдерін тоғыз еуропалық елде тіркеп, лицензия алды.
2014
Абди Ибрахим Ремеде Фарма (АИРФ) Алжирде 50:50 үлеспен бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды. Елдегі ең заманауи фармацевтикалық зауытқа инвестиция басталды. Канадада алғашқы лицензия алынды.
2015
Қазақстандағы Абди Ибрахим Глобал Фарм өндірістік кешені іске қосылды. Оңтүстік Америкаға алғашқы жеткізілім – Колумбияға. Босния және Герцеговинада сату және маркетинг құрылымы құрылды. Алжирге алғашқы биотехнологиялық өнім экспорты. Сұйық дәрі түріндегі алғашқы экспорт – Дания мен Швецияға.
2016
Абид Ибрахим Глобал Фарм Ауғанстанға алғашқы экспорттық жеткізілім жасады. Парсы шығанағы елдерінде алғашқы лицензия алынды.
2017
GMP сертификаты бар Алжирдегі ең заманауи зауыт – Абди Ибрахим Ремеде Фарма өндірісті бастады.
2018
Алжирде алғашқы жергілікті өнімдерге лицензия алынды.s