Іскерлік этика
қағидаттарымыз
Құрметті серіктестер,
Абди Ибрахим компаниясында біз 2003 жылдан бастап Түркияның фармацевтикалық нарығында көшбасшылықты сақтай отырып, біздің инновациялық өнімдер, қызметтер мен батыл бастамаларымыздың арқасында адамдар мен бүкіл әлемге шипа әкелетін халықаралық брендке айналуға ұмтыламыз.
1912 жылы басталған “шипа” жолымыз адамның денсаулығы - біздің басты жауапкершілігіміз деген қағидаға негізделеді.
Осыны басшылыққа ала отырып, еш қалтқысыз ең жоғарғы стандарттарды ұстанып, өз жұмысымызды үлкен жауапкершілікпен, адалдықпен, ден қойып орындау маңызды деп есептейміз. Компания ретінде біз үшін нәтиженің өзі ғана емес, табысқа қалай жететініміз де өте маңызды.
Осы орайда біз Абди Ибрахим компаниясының Әдеп кодексін жасадық, ол әрдайым біздің серіктестеріміздің сенімі мен құрметін нығайтатын басты бағдарымыз болды және болып қалуда.
Абди Ибрахим компаниясының Әдеп кодексі біздің барлық серіктестеріміздің алдында корпоративтік жауапкершілік аясында бизнес пен әдептің негізгі қағидаларын ұстанатынымызды көрсетеді. Бұл кодекс біздің қызметіміздің негізінде жатқан құндылықтар мен қағидаларды қамтиды, және әрбіреуіміз үшін маңызды нұсқаулық болып табылады. Бұл қағидалардың сақталуы - барлық бизнес-үдерістердегі маңызды міндеттеріміздің бірі екенін басып айтамыз. Компаниямызда құрылған әдеп жөніндегі кеңестер осы қағидалармен байланысты барлық мәселелерде серіктестерімізге қолдау көрсетуге дайын.
Абди Ибрахим компаниясының Әдеп кодексі біздің ортақ құндылықтарымызға негізделген. Ол адамдардың өмірі мен әлемді сауықтыру жолымыздағы шамшырақ. Біз бұл жолды сіздермен, біздің құрметті серіктестерімізбен бірге өтеміз, сіздердің қолдауларыңыз біз үшін баға жетпес қазына.
Құрметпен,
Незих Барут
Басқарма Төрағасы
Суха Ташполатоглу
Бас директор
Business Ethics Reporting Hotline
Click here for your reports, questions and comments about our ethics principles.
T: +90 0212 800 01 86
M: abdiibrahim@remedetikhat.com.tr ve etikhat@abdiibrahim.com.tr